CaspianLife, 17 сәуір — Атырауда ерекше жандардың арасында «Үміт бер» байқауы өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
24 адам вокал, көркем сөз бен қолөнер бағыттары бойынша өнер көрсетті. Және түрлі тақырыпта ән шырқады, поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқып, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысты. Мүмкіндігі шектеулі болса да, мұң айтпай, мойымай келе жатқан олардың қолынан шыққан дүниелерден көрме ұйымдастырылды.
«Мен бала кезден сурет саламын. Сурет салу менің хоббиым. Ешқайда оқып, білім алмасамда, ютубтан қараймын, мастеркласстар қарап, өз бетіммен үйрендім. Негізі көбіне пейзаждар саламын. Гуашпен,краскамен, карандашпен салып аламын, содан кейін бояймын. Негізі мұндай жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Тағы да болса екен деймін» — деді байқауға қатысушы Айдана Қосшан.
«10 жастан 26 жасқа дейінгі балаларды алдық. Арасында 5 жасар, 8 жасар баланы да алдық. Себебі, олардың талпынысы жоғары, өнерін көрсеткісі келеді, өнерін паш еткісі келеді» — деді ұйымдастырушы Айгүл Баемирова.
Жарыс соңында 3 номинация бойынша жүлдегерлер анықталып, сыйлықтар табыс етілді. Іс–шара «Шапағат» қоғамдық бірлестігінің 15 жылдығына орайластырылған. Байқау өткізу туралы эстафетаны маңғыстаулықтар жолдаған көрінеді. Негізі бұдан сәл ертерек ұйымдастырылу қажет еді. Бірақ, пандемия кедергі келтіріпті. Сәті енді түсті деген ұйымдастырушылар басты мақсатымыз – ерекше жандардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларға қолдау көрсету дейді.