CaspianLife, 7 сәуір —Маңғыстауда жыл басынан бері браконьерлерден 300 келіден астам балық тәркіленді, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Биыл табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты бес дерек тіркелген. Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша – 3, ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) дерегі анықталды. Сондай-ақ, жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 175 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.