CaspianLife, 7 сәуір —Атырау қаласының 59 жастағы тұрғыны терроризмді насихаттаумен айналысқан,— деп хабарлайды caspianlife.kz ҚР Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Такси жүргізушісі клиенттеріне өзінің деструктивті діни көзқарасын таңып, террористік мазмұндағы материалдарды таратқан. Оның мұндай іс-әрекеті дер кезінде анықталып, тоқтатылды. Оған қылмыстық кодекстің «терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша айып тағылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.