CaspianLife, 6 сәуір —Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайсар Абдалиев тағайындалды, — деп хабарлайды caspianlife.kz.
Қайсар Қайратұлы Абдалиев 2012 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Емдеу ісі» мамандығын, 2017 жылы КазГЮУ университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған. Ол алғашқы еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған. Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарып, соңғы 3 жылда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.