CaspianLife, 4 сәуір — «АМӨЗ» ЖШС-на тиесілі қондырғыдан қара түтіннің шығуына адами фактор әсер еткен, — деп хабарлайды caspianlife.kz.
Мұндай мәлімдемені АМӨЗ ЖШС экоомбудсмені Салтанат Рахимова «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, зауыттағы апаттық жағдайға 15 жылдық тәжірибесі бар оператор себепкер. Ол ысырманы (задвижка) ашып-жабу тәртібін бұзған.