CaspianLife, 31 наурыз – 1 сәуірде республикалық «Бекіре» акциясы басталады. 31 мамырға дейін Жайық-Каспий бассейнінде құнды балықтарды қорғау жұмысы күшейеді деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Рейдтік топтар, жылжымалы бекеттер құрылып, мамандар браконьерліктің алдын алу үшін жұмыстанады. Ел аумағынан шығарылатын балық және балық өнімдері мұқият тексерілетін болады. Бұл жұмыстарға еліміздің батыс өңірі бойынша 1200-ге жуық қызметкер жұмылдырылып отыр. Оның ішінде 820 қызметкер – атыраулық.Былтыр акция кезінде батыс өңірі бойынша 1231 тәртіп бұзушылық анықталып, тіркелді. Оның көпшілігі – 820-сы атыраулықтардың үлесінде. Қозғалған қылмыстық іс саны — 54. 22 тонна балық тәркіленді, оның ішінде тоннаға жуығы бекіре тұқымдас.