CaspianLife, 30 наурыз – Атырауда наурызда коронавирусты 86 адам жұқтырған. Мұны Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Ақпан айында тек 36 адам ғана қауіпті инфекцияны жұқтырса, осы айда көрсеткіш 2 есеге артқан.
«Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен осы айда өткен айлармен салыстырғанда ауру екі есе өсіп отыр. Наурыз айының басында 11 жағдай тіркеліп, ахуал тұрақтанған еді. Алайда, мереке күндері ауру 4 есе көбейді. Яғни, бір аптаның ішінде 44 жағдай тіркелді. Биыл облыс тұрғындарының арасында вакцина салдырғандар саны айтарлықтай аз. Облыста вакцина жетерлік, тұрғындарды вакцина және ревакцина алуға шақырамыз»,- деді Мәдениет Танауов.