CaspianLife, 29 наурыз — АҚШ-тың Майами қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнирде Елана Рыбакина кездесуін сәтті өткізіп, жеке рекордттарын жаңартты деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Қазақстандық тенисші соңғы сында италиялық Мартина Тревизанмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:0. Матч 1 сағат 10 минутқа ғана созылды. Жалпы Рыбакина Майами ашық чемпионатының жартылай финалына алғаш рет шығып тұр. Еленаның келесі қарсыласы есімі әзірге белгісіз. Бір анығы ол америкалық Джессика Пегула мен ресейлік Анастасия Потапова кездесуінің жеңімпазымен сынға түсетін болады. Айта кету керек, Майами қаласындағы жарыс 2 сәуірге дейін жалғасады. Турнирдің жүлде қоры 8 миллион 800 мың АҚШ долларын құрайды.