CaspianLife, 27 наурыз — Биыл 5 мыңға жуық оқушы тегін үйірмелерге қатыса алады. Бұған жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. Алайда ата-аналар «Даму бала» платформасына емін-еркін кіріп, тіркелудің қиындығын айтып, шағымдануда деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Атырау облыстық денен шынықтыру және спорт басқармасының мамандары мұны былай түсіндірді.
«Біз «Даму бала» платформасымен қаңтар айында келісімге отырдық. Қазіргі уақытта күні бүгінге дейін жұмыс жасап келгендерді көшіру, тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл өнім берушілер тезірек жұмыс жасаса, жаңаларын қабылдау соншалықты мүмкін болады. Себебі бұл өнім берушілерді торлық қамтып болмай жаңадан қосымша орындар аша алмаймыз» — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Ернұр Ниетжанов.
Яғни бұрыннан келе жатқан «Арт спорт» сайтындағы үйірмелерді жаңа «Даму бала» платформасына көшіру жұмыстары аяқталмай, балаларды үйірмелерге қабылдау мүмкіндігі жоқ. Басқарма қызметкерлерінің сөзінше, қазір бұл жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Қазіргі кезде мемлекеттік тапсырыс аясында облыс орталығында 7336 бала тегін үйірмелерге барып жүр.