CaspianLife, 24 наурыз — Наурыздың 24-і — туберкулезге қарсы дүниежүзілік күрес күні. Осыған орай Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері мен еріктілер бірлесе отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды CaspianLife.
Олар Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда тұрғындарға өкпе дертінің алдын алу, сақтану жолдары жазылған брошюра таратып, сыйлыққа бетперде берді. Осы арқылы еріктілер тубуркулездің алдын алу әркімнің өз қолында екендігін еске салмақ болды. Қазіргі кезде облыста 700 ден аса адам құрт ауруымен есепте тұр. «Дегенмен жыл сайын жаңадан анықталатын науқас саны бірте-бірте азайып келеді. Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш түспей тұр» , — дейді мамандар.
«Өкінішке орай біздің халқымыз түсінбейді, кейде қарсы болады. 5-10 процентке дейін өмірге келген балалар бізде егілмей қалады. Бұл республикамызда жоғары көрсеткіштердің бірі. Бәріміз қиындыққа ұшыраймыз. Манту салдырмайды. Сондықтан баланы кеш анықтаймыз. Балалар жайында тағы бір маңызды нәрсе бар. Мысалы манту салғанда латентный тубуркулез деген бар. Ол тубуркулез емес. Бірақ ол бала туберкулез болады. Именно осыны облыстағы тұрғындарымыз балаларына дәрі бермейді» — деді Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Жаңабай Сағиев.