CaspianLife, 16 наурыз — Маңғыстауда 29 жастағы азамат «жұмысқа орналастырамын» деп, ақша жымқырған, деп хабарлайды Caspian Life.
Белгісіз ер адам Мұнайлы ауданының тұрғынын жұмысқа орналастырып беруге уәде беріп, 630 мың теңгесін иемденген. Алайдай, тұрғын ер адам телефон қоңырауларына жауап бермеген соң, полицияға шағымданыпты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы күдіктіні ұстады.
«Аталған дерек Мұнайлы аудандық басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», — деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ІІМ баспасөз қызметі.