CaspianLife, 14 наурыз — Қазақстанда жеке тұлғалардың банктерге берешегі 360 миллиард теңгеден асады. Бұл ретте бизнес несиелері бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 345,9 млрд теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды Caspian Life.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша мерзімі өткен несиелердің басым көпшілігі кәсіпкерлік субъектілерінің ұзақ мерзімді несиелері бойынша. Бұл шамамен — 275,6 млрд теңге. Ал биыл 1 қаңтарда бұл көлем 5,3%-ға немесе 13,9 млрд теңгеге аз болған.
Ал қысқа мерзімді несиелер бойынша қарыз 70,2 млрд теңгені құрайды. Бұл қаңтар айының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға немесе 5,4 млрд теңгег көп. Аталған кезеңдегі жалпы көлем 326,5 млрд теңгеден 345,9 млрд теңгеге (+5,9%) өскен.
Мерзімі өткен несиелердің ең көп көлемі көтерме және бөлшек саудаға – 103,8 млрд теңге (+7,6%) және өндірістік емес сала мен жеке қызметке – 101,9 млрд теңге (-2,2%) тиесілі.