CaspianLife, 22 ақпан — «Жайық» спорт кешенінде 12-22 ақпан аралығында Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтті. «Атырау» волейбол командасы 71 ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды деп, хабарлайды CaspianLife.
Тартысты додаға 8 қоманда қатысты. Ойынның соңғы күні өңірлік волейболшылар Орал қаласының «Жайық» құрама командасымен алаңға шықты. Қарсыластарын 3/0 есебімен жеңіп, 2-орынға ие болды.
«Біз ҚР чемпионатының 4-ші турында жақсы нәтиже көрсеттік. Ойын өте тартысты өтті. Ендігі кезекте команда Павлодар қаласында өтетін плей-офф кезеңіне дайындығын бастайды» — деді клубтың құрылтайшысы, облыстық волейбол федерациясының директоры Ғабиден Кайржанов.
Айта кетейік, «Атырау» волейбол клубы 2000 жылы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қолдауымен құрылған болатын.