CaspianLife, 20 ақпан — Атыраулық Ерұлан Қабдолов MMA бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды CaspianLife.
Сербия астанасы Белградта 11-18 ақпанда ересектер арасында ММА бойынша әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 60 елден 628 спортшы қатысты. Додада Қазақстан атынан ММА ұлттық құрамасының 33 мүшесі өнер көрсетті.
«Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 52,2 келі салмақта атыраулық спортшы Ерұлан Қабдолов сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл Ерұланның әлем чемпионаттарындағы бесінші жүлдесі» — деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Айта кетейік, осы ММА бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынды иеленді.