CaspianLife, 6 ақпан — Түркиядағы жойқын жер сілкінісі көршілес Сирия, Ливан, Кипр мен Мысырда да сезілді. Сирияда зілзаладан ажал құшқандар саны 600-ден асты, деп хабаралайды CaspianLife.
Тағы мыңнан аса адам жарақат алған. Ондаған үй мен ғимарат қирады. Табиғи апаттан әсіресе Алеппо қаласы қатты зардап шекті. Ел билігі көз жұмғандар қатары әлі өсуі мүмкін дейді. Өйткені қирандылар әлі толық тексерілген жоқ. Құтқару жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың еріктілері де белсене атсалысып жатыр.