CaspianLife, 2 ақпан — Мысыр астанасы Каирде аурухана өртеніп, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife.
Тағы 32 тұрғын жарақат алған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
«Жарақат алған науқастардың денесі күйген және сынған, сондай-ақ түтінге тұншығып қалған» — дейді елдің денсаулық сақтау министрі Халед Әбдел Ғаффар.
Сарапшылар Мысырда өрттен сақтану ережелерінің көп жағдайда сақталмайтынын айтты.