CaspianLife, 25 қаңтар — Қауіпсіздік ережесін елемеу. Өрт сөндіру құралының жоқтығы немесе жарамсыздығы. Жылыойда құтқарушылар көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды CaspianLife.
Олар жүргізушілерге машинаның электр сымдарының жағдайын жиі тексеріп тұру керектігін ескертіп, өрт сөндіру құралдарына көз жүгіртуді де ұмытпады. Нәтижесінде көпшілігінің пайдалану мерзімінің өтіп кеткендігі және мүлде жарамсыз екендігі анықталды.
«Аудан көлемінде 2022 жылы көліктегі өрт оқиғаларының 17 дерегі тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5 дерекке өсіп отыр. Көліктегі өрт оқиғаларының негізгі себептері электр желілердің қысқа тұйықталуы. Көліктегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында ТЖБ-мен профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде атқарылуда» — деді Жылыой аудандық ТЖБ бас маманы Қобылан Кенжебеков.