CaspianLife, 24 қаңтар — Дүйсенбіде еуроның 2022 жылдың сәуірінен бергі долларға қатысты бағамы ең жоғары мәнге жетті. Қазіргі уақытта 1 еуро 1,0927 долларды құрап отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Қазіргі көрсеткіштер өткен жылдың жазындағы еуро бағамынан шамамен 15% жоғары. Осы кезеңде энергия бағасының күрт өсуі еуроның жиырма жылдық ең төменгі деңгейіне — 0,9536 долларға дейін құлдырауына әкелген еді.
Дегенмен әлі де көптеген экономистер мен банктер еуроаймақтың экономикалық болашағы бұлыңғыр деп есептейді: бельгиялық l’Echo газеті биылғы бірінші тоқсанда еуроаймақ техникалық рецессияға ұшырайды деп болжап отыр, ал Дүниежүзілік банк 2023 жылы еуроаймақ 0%-тік өсім көрсетеді деп жорамалдайды. Былтырғы маусымда бұл болжам 1,9% дейнгейінде болған еді.
Еуроның нығаюына әсер еткен негізгі факторлардың бірі — соңғы бірнеше аптада газдың арзандауы. Оған себеп қыстың әдеттегіден жылы болуы.
Еуроның өсуіне ықпал еткен екінші, тіпті одан да маңызды себеп — Еуропа орталық банкі белгілеген бағам. Еуроаймақтағы инфляцияны ауыздықтау үшін Еуропа банкі биылдың өзінде төрт рет базалық мөлшерлемені көтерді.
Бейсенбі күні ЕОБ президенті Кристин Лагард Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда инфляция әлі де тым жоғары екенін және ЕОБ оның деңгейін 2% түсіру бағытында жұмыс істейтінін атап өтті.