Атыраулық айтыскерлер — «Асыл домбыра» иегері — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атыраулық айтыскерлер — «Асыл домбыра» иегері

20.01.2023
Жаңалықтар, Мәдениет
0
Атыраулық айтыскерлер — «Асыл домбыра» иегері

CaspianLife, 20 қаңтар — Атыраулық айтыскерлер «Асыл домбыра» иегері атанды. Былтыр «Хабар» арнасында командалық айтыс жобасы өткен еді. Оған 17 облыс және 3 қаладан 60 ақын қатысты, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Жүлделі үшінші орынды алматылық және қызылордалық ақындар иеленсе, жерлестеріміз екінші орыннан көрінді. Ал, бас жүлдені Жамбыл облысынан келген өнерпаздар жеңіп алды. Алайда, ұйымдастырушылардың шешімімен Атырау облысына да тағы бір «Асыл домбыраны» табыстау туралы шешім қабылданды.

«Сол айтыста, финалда лайықты деңгейде өнер көрсеткен Атырау облысының құрама командасы Шынарбек, Сырымбек, Шалқарбай ақындардан құралған құрама ақындарды өнерге деген сүйіспеншілігі, жанкештілігі, көзқарасын ескере отырып Жүсіп Ерман ағамыз бар, Берік Уәли мырза бар ақылдасып шешіп, Атырау облысының командасына да осы «Асыл домбыраның финалисі» деген домбыраны сыйға тартып жатыры. Бұл біздің өнерге деген, ақындарға деген, өңірге деген құрметіміз» — деді демеуші Дулат Тастеке.

«Асыл домбыра» Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне 75-нші домбыра болып табыс етілді. Жобаға қатысқан жерлес ақындар айтыстың тартысты өткендігін айтады. Олар ақтық сынға жеткенге дейін жеңісті қолдан бермеуге тырыстық дейді.

«Енді әр ақынның үйіне емес, музейге тапсырылатындықтан батырлардың, ақындардың, күйшілердің елі, домбыраның отаны саналатын Атырауға «Асыл домбыраның» келуі символикалық белгі болды.  Айтыс деген үлкен халыққа жеткізу құралы ғой. Мен ойлаймын, ақынның ары таза болуы керек. Батыстың батыр еліне, әсіресе, Махамбеттің ұрпақтарына, Жұмекен Нәжімеденовтың ұрпақтарына тура сөйлеп, адалдығын айтқан дұрыс деп ойлаймын», — деді айтыскер Сырымбек Сәрсембаев.

«Асыл домбыра» жобасы биыл да ұйымдастырылмақ.

Тегтер: айтысасыл домбыраатыраужаңалықтармәдениет
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.