CaspianLife, 17 қаңтар — Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұны ҚазТаг агенттігі Silk Road мультимедиялық порталына сілтеме жасай отырып хабарлады. Бейресми деректер бойынша, құқық қорғау органдары Тимур Шаймергеновты желтоқсан айының ортасында ұстап, қамауға алған. Және оның әйелі де күдіктілер қатарында. Кейбір мәліметтерде «Шаймергеновтің жұбайы сырт елдердің бірін зерттеумен айналысатын институтқа басшылық еткендігі» айтылады. Әзірге ресми органдар мен кітапхана басшылығы үнсіз отыр. Осыған дейін «Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік көшбасшы-реформаторлармен бір қатарда тұр» деп жүрген Тимур Шаймергенов Назарбаев басшылық еткен Қауіпсіздік кеңесінде, Аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі вице-министрі болып жұмыс істеген. Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат комитетіне жетекшілік еткен. Соңғы жылдары Назарбаев кітапханасының басшылық құрамында болды.