CaspianLife, 21 желтоқсан — «Самал» ықшам ауданындағы жиырма бірінші көше енді ұлы отан соғысының ардагері Олжас Сұлтанғалиевтің есімімен аталады, деп хабарлайды Caspian Life.
Ардагердің аты берілген көшенің салтанатты түрде ашылуына қала әкімдігінің өкілдері мен оның туыстары қатысты.
«Біз әкемізді мақтан тұтамыз. Ол өте адал әрі шыншыл адам болатын. Бізді де солай тәрбиеледі. Әкем ұлы отан соғысы аяқталғанннан кейін де шаруашылықты дамытуға көп үлес қосты. Партияда лауазымды қызметтер атқарды. Егер ол қазір арамызда болғанда жасы жүзге жетер еді», — дейді О.Сұлтанғалиевтің ұлы Гельман Сұлтанғалиев.
Олжас Сұлтанғалиев 1922 жылы сол кездегі Гурьев облысының Балықшы кентіне қарасты Еркінқала ауылында дүниеге келген. Майданнан оралған соң өңір өндірісінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, қоғамдық жұмысқа араласты.