CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда борышкерлерге арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Caspian Life.
Азаматтарды жұмыспен қамту орталығы мен әділет департаменті бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға 19 жұмыс беруші қатысып, 481 вакансия ұсынды. Мекемелерге әсіресе сылақшы, монтаждаушы, көлік жүргізушілері қажет. Ұйымдастырушылар үш айдан бері алимент төлемеген атыраулықтарды жұмыспен қамту орталығына тіркелуді міндеттеп, жәрмеңкеге шақырды. Іс шараға алимент берешегі бар тұрғындардың 15 пайызы қатысты.