CaspianLife, 29 қараша — Құрманғазы ауданына қарасты аумақта мұнай төгіліп жатыр. Бұл кешеден бері әлеуметтік желіде желдей ескен ақпарат. Қара май төгілу фактісі аудан орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауының маңында болыпты, деп хабарлайды CaspianLife.
Тұрғындар мұны мұнай деп ойлйады. Жергілікті атқарушы органдар сұйықтық 50 шаршы метрге жайылған дейді. Ал экология департаментіндегілер аталған аумақта сынама алу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.
«Экология департаментінің мамандары арнайы шықты. Барып арнайы комиссия ретінде жергілікті полициямен және әкімшілікпен бірге сол орынды анықтап, факт бойынша мұнай қалдықтарының өлшеемін анықтайды. Және топырақтың сынамасын алады. Енді мұнай қалдықтарыбар ма жоқ па? қандай деңгейде деген сияқты. Сынама жұмыстары біткеннен кейін қай мекемеге қатысты екенін анықтап шара қолданамыз. Рекултивация жасатамыз», — дейді Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.
Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауы тұсында «Смарт Ойл» ЖШС 2022 жылдың тамыз айынан бастап барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.