CaspianLife, 29 қараша — Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Томарлы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мен елімді сүйемін» атты қалалық патриоттық ән сайысы өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
«Мен елімді сүйемін» қалалық патриоттық ән сайысын «Аққу» биімен Гүлдер би тобы ашып, сайысқа қатысушы үміткерлер таныстырылды.
Сайысқа төрелік жасаған, қазылар алқасының төрайымы, мүшелері: Нұрмахан Жантөрин атындағы филормония көркемдік жетекшісі, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Машкалиева Венера Рамазановна. «Дина Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің ән салу мамандығының оқытушысы, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Сапанов Айбек Сыралыұлы. Айман – Шолпан өнер студиясының басшысы, вокал мамандығының оқытушысы, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Маңғыстауова Шолпан Қосбатырқызы таныстырылды.
Жарыс ережесі бойынша орындаушылар бір патриоттық, бір еркін тақырыптағы әндерді орындауы керек. Мұндай жарыстардың тәжірибе жинауда маңызы мол дейді қатысушылар.
«Жарысқа 1 аптадай дайындалдым. Бірнші әнге Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Қазақстаным, алға» әнін, еркін тақырыпта Ілия Жақановтың сөзіне жазылған «Еділ мен Жайық» әнін айттым. Өзіме, еркін тақырыптағы әні ұнады. Ән адамды рухтандырады, ән адамды жылатады, ән адамға шаттық сыйлайды. Патриоттық әндер халыққа жігер береді. Сондықтан, патриоттық әндерді маңызды санаймын. Бұл жарыстар мені дамытады, сеебебі мен осындай жарыстар арқылы тәжірибе жинаймын. Маған шараның ұйымдастырылуы ұнады. Сондықтан, ұйымдастырушыларға ерекше алғысымды білдіремін», — дейді қатысушылардың бірі Бибінұр Таңатар.
Сайыс қортындысы бойынша Мақпал Меңдібай Ғайнетқызы жеңімпаз атанса, Дарина Мергенқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шархан Абуғалиев Нұрсалыхұлы мен Азалия Сергеева үшінші орынды иеленді. Ал, Диана Қанатбаева Жолдыбайқызы, Тахмина Аязбаева Мұхтарқызы, Әлихан Айжарық Талғатұлы және Бибінұр Таңатарова Жаңбырқызыны алғыс хат табысталды.