CaspianLife, 20 қараша — Астана уақытымын сағат ондағы есеп бойынша Атырау облысында тіркелген сайлаушылардың 25,03 пайызы сайлауға қатысты. Бұл 2 сағатта таңдау жасаған атыраулықтардың пайыздық үлесі.
Қазіргі кезде өңірде 410 мыңға жуық азамат дауыс беру құқығына ие. Азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс бергендердің бірі – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.
«Бүгін 20 қараша қазан елі үшін өте маңызды күн. Әр адамның азаматтық құқығы – келіп, таңдау жасау. №31 учаскесі Сафи Өтебаев атындағғы мұнай және газ университетіне қарайды. Таңмен таласып келіп, өзіміздің азаматтық борышымызды өтедік.Бүгінгі күн тарихта қалатын күн. Сондықтан әр қазақстандықтың келіп, дауыс беруі – азаматтық парызы. Сол парызын орындауға барлығын шақырамын»,-деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.