CaspianLife, 15 қараша — Атырауда қазан айында 10 адам табиғи газдан уланды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ғабит Бабаев мәлімдеді. Мұндай қайғылы оқиғадан 1 адам қаза тапты.
«Жылыту маумысы басталғаннан бері өкінішке орай қаламызда табиғи газбен улану фактісі тіркеліп келеді. Өңірде осындай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін басқарма және «ҚазТрансГазАйма» тараптарынан барлық қауіпсіздік шаралары қатаң түрде жасалып отыр», — дейді басқарма басшысы.
Биыл осал топтағы отбасыларға улы газды анықтайтын 1500-ге жуық құрылғы орнатылады. Әзірге, 50-ден астамы орнатылған.
«Аптаның демалыс күндері арнайы мамандармен тұрғын үйлерді аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қағидаларын насихаттап келеміз», — деді Ғ. Бабаев.
Осы жылдың соңына дейін қалған дабыл қаққыштар орнатылатынын айтты. Сондай-ақ, «ҚазТрансГазАйма» АҚ Атырау филиалының өкілі Орынтай Тлепбергенова, тұрғындарға жылыту қазандықтарындағы ақауларды уақытылы тексертуді және түтін мұржаларын жиі тазалап тұруды ұсынды.