CaspianLife, 12 қараша — Маңғыстауда атыс болып, екі азамат жарақат алды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
12 қарашада «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-б. — 99 2-б. 9-т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.