CaspianLife, 9 қараша — Зейнет жасына жақындаған 22 атыраулық жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді.
Азаматтар «Күміс жас» жобасы арқылы қызметтеріне кірісті. Жауапты басқарма басшысы бағдарламаны ары қарай жалғастыру үшін жұмыс беруші мекемелерге үнемі ұсынып беретінін айтады.
«Бұл жоба жұмыс берушілерге де тиімді. Себебі «Күміс жас» жобасына қатысушылардың жалақысының жартысын мемлекет, жартысын жұмыс беруші төлейді», — деді Мәмбетов.
Бұл бағдарлама бойынша зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар жұмысқа орналаса алады.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жоба арқылы зейнетақы мөлшерлемесін көбейте алады.