CaspianLife, 1 қараша — Атырауда бейнекамералардың көмегімен 18 қылмыс ашылды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласы ПБ-ның Жедел басқару орталығының «102» арнасына бір аптада түрлі сипаттағы 1270 қоңырау түсіп, 127-сі қылмыс ретінде танылды. Қазіргі таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция өкілдері, бір аптаның ішінде бейнекамералар арқылы 18 қылмыс ашылғанын айтады. Оның ішінде 1-еуі ұсақ түйек жымқыру болса, қалғаны ұрлық.
«Сондай-ақ, «Нөлдік төзімділік» қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 375 жайт анықталды. Оның ішінде нөлдік төзімділік бойынша – 90, жол ережесін бұзған – 285 және «Қорғау» жүйесімен 79 әкімшілік хаттама толтырылды», — деді Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар Атамкулов.
Одан бөлек, «Interceptor» жүйесімен 1 аптада айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 62 жүргізушінің көліктері арнаулы тұраққа қойылып, 18 автокөлік жүргізушісінен айыппұл өндірілді.