CaspianLife, 21 қазан — Атырауда атыс болып, 21 жастағы азамат қаза тапты. Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға бүгін таңғы сағат 4 те Атырау-2 мөлтек ауданында болған. Бір топ жігіт өзара келісе алмай, аяғы қайғылы жайға ұласыпты. Атырау облыстық ауруханасының қызметкерлері 102-ге телефон шалып, өздеріне кеудесіне оқ тиген 21 жастағы ер адам мүрдесінің жеткізілгенін айтқан. Сондай-ақ, 17-18 жастағы тағы екі азамат бытырадан жарақат алғаны анықталыпты. Қазіргі таңда олар облыстық ауруханада.
«Қақтығысқа қатысқан барлық тұлғалар анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.