CaspianLife, 13 қазан — Атырауда 6 білім беру мекемесінің тұсында сағатына 40 шақырым жылдамдық режимі іске қосылады. Бұл туралы қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Жоспар бойынша Азаттық даңғылы бойында орналасқан М.Мөнкеұлы атындағы №6 орта мектеп, Т. Амандосов көшесінде орналасқан С. Мұқашев атындағы политехникалық колледжі, А. П. Чехов атындағы №14 орта мектеп, М. Өтемісұлы көшесінде орналасқан №17 мектеп лицейі және Атырау индустралдық колледжі атындағы политехникалық колледжі тұстарында орналасқан «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешені сағатына 40 шақырым жылдамдық режиміне іске қосылады.
«Жаяу жүргінші қатысуымен жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында аталған білім беретін ұйымдардың тұстарына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып, сағатына 40 шақырым жылдамдық режиміне іске қосу жұмыстары бойынша Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері «Көркемтелеком» ЖШС-нің кызметкерлерімен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жургізуде», — делінген ПБ-ның әлеуметтік желісінде.