CaspianLife, 10 қазан — Атырауда мотоцикл айдаған жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі.
Атыраулық тәртіп сақшылары рейдтік шара кезінде Амандосов көшесінің тұсында Nitro Econom маркалы мотоциклін тоқтатып, тексеріс кезінде жүргізушінің кәмелетке толмағанын анықтады. Жасөспірім қалалық полиция басқармасының №2 қалалық бөліміне жеткізілді.
«Аталған жағдай бойынша жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (жүргізуші құқығы жоқ күйде) әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген жергілікті ПБ-ның әлеуметтік желісінде.