CaspianLife, 7 қазан — Атырау қаласындағы «Мұнайшы» көпіріне келесі жылы жөндеу жүргізілуі мүмкін деп хабарлайды CaspianNews телеарнасы.
Қала әкімі Мейірім Қалауи жергілікті телеарнаға берген сұхбатында, орталық көпірдің жанынан жаңасының салынбайтынын айтты. Ал «Тұрғындар қалашығы» мен «Авангард» ықшам аудандарын байланыстыратын көпірді келесі жылы орташа дәрежедегі жөндеуден өткізу жоспарда бар.
Сондай-ақ, Атырау қаласының әкімдігі шаһар аумағындағы 45 саяжайдың 33-ін 7 аумаққа бөлді. Енді оларға жол салу жұмыстары келесі жылы басталмақ. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжат жасақтайтын мердігер мекеме анықталған. Жобаны жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамаға енгізу жоспарланып отыр. Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауидың сөзінше, тас жол әуелі әлеуметтік нысандар маңына және орталық көшелерге салынады. Ал қалған 12 бау-бақша қауымдастығына инфрақұрылымының не себепті жүргізілмейтіндігін әкім мырза былайша түсіндірді.
Одан бөлек, Нұрсая ықшам ауданындағы құрылысы тұралап қалған концерттік зал мен монша жайында айтылды. Қалалық әкімдік Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан киноконцерт залының құрылысын жалғастыру туралы шешім қабылдапты, ал оның қасындағы моншаның тағдыры әзірге белгісіз.
Көше жарығы, қоқыс шығару тарифі, қаңғыбас иттер, азық-түлік бағасы, және т.б. тақырыптар. Облыс орталығындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу мақсатында жасалып жатқан істермен қатар жоспарымен бөліскен қала әкімінің эксклюзивті сұхбатының толық нұсқасын Caspian News телеарнасынан 8 қазан кешкі жетіде көре аласыздар.