CaspianLife, 6 қазан — Атырауда бокстан ашық турнир басталды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау қаласының 382 жылдығына орай бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир басталды.
Жарыста Өзбекстан мен Қазақстанның Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облысынан 170 спортшы бақ сынайды.
Турнирдің ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи, қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының Нұрбек Ахмедияров, өңір спортшылары, жастар мен қала қонақтары қатысты.
«Ең алдымен баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – жерлестерімізге спортпен шқғылдануға жағдай жасау. Қазіргі кезде облыста бокс жақсы дамыған. Оған бастамашы болып осы спорт түрін облысымызда дамытып жүрген ардагерлерге алғысымды білдіремін», — деді М.Қалауи.
Жаттықтырушылардың айтуынша, бүгінде балалардың боксқа қызығушылығы жоғары. Бұл спорт түріне енді қадам басып, шыңдалып келе жатқан жас спортшылар үшін осындай жарыс өзін көрсетуге, қабілетін байқауға зор мүмкіндік береді.
Айта кетейік, аталған дода үш күнге созылады. Келем деушілерге «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне кіру тегін.