CaspianLife, 3 қазан — Атырау облыс бойынша жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны үшін соңғы 2 жылда 60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам 1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл аймақта 116 жол-көлік оқиғасы болып, 53 адам қаза тапты. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған.
Облыстық прокуратура таратқан ақпарат бойынша, аймақта болған жол апатының 10-ы мас жүргізушілердің кесірінен болыпты.
«Облыс прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып, сондай-ақ жолдардағы өзара сыпайылық туралы еске салады», — делінген прокуратура таратқан хабарламада.