CaspianLife, 2 қазан — Құлсарылық жасөспірімдер балабақшаның астан-кестенін шығарған.
Оқиға Құлсары қаласындағы “Қызғалдақ” балабақшасында болған. Бөбекжайдың тас-талқанын шығарғандар 6-7 сынып оқушылары болуы мүмкін дейді кей дерекөздер. Күзетші екі баланы ұстап үлгеріпті.
Облыстық ПД-нің баспасөз қызметі аталған фактіге байланысты 9 оқушының ата-анасы шақыртылып, іс-құжаттар сотқа жолданғанын хабарлады.