CaspianLife, 9 қыркүйек — Атыраулық тәртіп сақшылары іздеуде жүрген тұрғынды психотропты дәрі тасымадап жүрген қолға түсірді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Молдағалиев көшесінің тұсында өтіп бара жатқан Nissan маркалы автокөлігі күдік тудырған соң, полицейлер тоқтатып, тінту жүргізді. Тексеру кезінде 52 дана трамадол, 67-тропикамид психотроптық дәрілерін табылды. Дәрігердің рұқсатымен берілетін дәріні заңсыз тасымалдағын үшін 31 жастағы текі тұлғаға қатысты іс қозғалды.
Күдіктілер қамауға алынды. Кейін бұл тұлғалардың бұрын іздеуде тұрғандары анықталды.