CaspianLife, 2 қыркүйек — Құрамына бірнеше мекеменің қызметкері енген комиссия бүгін балықтардың жаппай қырылған жері – Жылыой ауданында болды.
Видео әлеуметтік желіге 29 тамызда жүктелгенімен, су маржандарының өлексесі жатқан аумақ – Каспий теңізінің солтүстік батыс бөлігі екендігі тек 1 қыркүйекте анықталды. Балықтардың өлекселері жағалаудан 4 шақырым жерде табылған. Бұл жердегі жағалау бөлігінің ені шамамен он шақырымға жуық дейді мамандар. Олар балықтардың әбден шіріп кетуі себепті, сараптама жасауға келмейтіндігін айтып отыр. Сондықтан тек су мен топырақтан сынама алынған.
Комиссия мүшелерінің сөзінше, зерттеу жұмыстарының қорытындысы алдағы аптады шығады. Алдын ала болжамға сүйенсек, балықтардың өлуіне судың күрт қайтуы себеп болған. «Қазгидрометтің» ақпаратына қарағанда 18-23 тамыз аралығында Каспий теңізінде жел көтеріліп, соның әсерінен жағалаудағы су деңгейі өзгерген.