CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда екі мас азамат төбелес шығарды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
31 тамыз күні таңғы сағат 05:44 шамасында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқнанын полицейлер бейнекамерадан байқаған. Оқиға орнына патрульдік полиция жеткен кезде біреуі қашып кетпек болды. Алайда, тәртіп сақшылары жанжалдасқандардың 35 және 41 жастағы азамат екендерін анықтады.
Медициналық сараптама нәтижесінде олардың орта дәрежелі мас екендері белгілі болды. Төбелескендерге әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.