CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда тағы бір ер адам көпірден секірмек болды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Бүгін түнгі 01:30 шамасында 102-ге Жұмыскер-Балықшы көпірінің үстінде белгісіз ер адамның суға секіргелі тұрғаны жайында хабар түсті.
Оқиға орнына жеткен қызметкер Асланбек Ғарифуллин өз-өзіне қол жұмсамақ болған 35 жастағы тұрғынмен келіссөз жүргізді. Азаматтың сөзінше, өзі екінші топ мүгедегі екен, отбасына ақша жеткізе алмаған соң осындай қадамға барған көрінеді. Алайда, полиция қызметкері оны райынан қайтарып алды.
Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның жеңіл дәрежеде мас екенін анықталып, №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу бөліміне тапсырылды.