CaspianLife, 18 тамыз — Атыраулық спортшы Нұрсұлтан Жұмабаев Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында чемпион атанды.
Нұрсұлтан 51 келі салмақта өнер көрсетеді. Алтыннан алқа таққан спортшы жарысқа екі апта дайындалғанын айтады.
«Кикбоксинг Ислам ойындарына алғаш рет қатыстырылып отыр. Жарыстың үшінші күні кикбоксингтен турнир басталды. Бұл жарысқа мен екі апта дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын», — деді Жұмабаев.
Айта кетелік, V Ислам ынтымақтастық ойындары 9-18 тамыз аралығында өтті. Оған Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің үздік спортшылары қатысады. Додаға еліміздің намысын 6 спорт түрінен 125 спортшы қорғады. Оған қоса, биыл бесінші рет өтіп отыр.