CaspianLife, 11 тамыз — Атыраулық 20-ға жуық велосипедті ұрлап кетті деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
29 жастағы ер адам бірнеше аудандағы үй ауласында және подъезд ішіндегі жергілікті тұрғындардың 19 велосипедін қолды қылған. Оның бұл әрекеті қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері әшкерелеген. Күдікті 3 тамыз күні Вокзал маңы ықшам ауданынан ұсталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.