CaspianLife, 29 шілде — Атырау мұнай өңдеу зауытында қайта іске қосылу жұмыстары жүріп жатыр. Зауыт құрылғыларының кейбірі істен шыққандықтан қазір олар ретке келтірілуде.
Айта кетелік, осыдан бірер күн бұрын кәсіпорын жұмысы тоқтап қалған еді. Бұған КЕГОК компаниясының электрэнергиясын беруді аяқасты тоқтатып тастауы себеп болды дейді басшылық. Кәсіпорынға электр қуаты қайта берілгенімен, зауытты толықтай іске қосу мүмкін болмай отыр.
«Электр энергиясы өшкеннен кейін істен шыққан каталитикалық крекер бітеліп қалған. Қазір оны технологиялық құралдармен тазартып жатырмыз. Тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін каталитикалық крекингті қайта іске қосатын боламыз», — дейді «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов.