CaspianLife, 28 шілде – 9 мыңға жуық атыраулықтың 355 млн теңге көлік салығы бойынша қарызы бар. Негізгі қарыз 283 млн-ды құраса, қалғаны өсімпұл дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқарамасының басшысы Нұрболат Сарманов.
Аймақтағы ең үлкен қарыз сомасы Атырау қала ыснда тіркелді. Қалалықтардың көлік салығы бойынша 278 млн теңге көлемінде берешегі бар. Одан кейін Жылыой ауданындағы автокөлік илеері 37 млн теңге көлемінді салық төлемеген. Ал Құрманғазылық жүргізушілер мемлекетке 16,5 млн теңге көлемінде қарыз.
«Көлік иелерінің көбі салыққа салғырт қарайды. Көлік салығы айлық есептік көрсеткіш негізінде есептелетіндіктен, жыл сайын өсіп отырады», — дейді Сарманов.
Одан бөлек темір тұлпар 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін құрастырылған болса немесе Қазақстан аумағында осы уақыттан кейін тіркелген болса салықтың көлемі өседі. Мәселен, 3000-3200 текше сантиметр – 35 АЕК, 3200-3500 текше сантиметр – 46 АЕК, 3500-4000 текше сантиметр – 66 АЕК, 4000-5000 текше сантиметр – 130 АЕК және 5000 текше сантиметрден жоғары – 200 АЕК деп белгіленген.
Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнату арқылы салық көлемін біліп, онлайн төлеуге болады. Сондай-ақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.