CaspianLife, 28 шілде – Атырауда короновирустық инфекция жұқтырғандар саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды облыстық Денсайлық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте 74 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында — 56, Жылыой ауданында — 11,Исатай ауданы — 3, Құрманғазы ауданы — 2, Қызылқоға және Махамбет ауданында 1 адам.
67 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда белгілері жоқ. 600 адам үй жағдайында ем алып жатса, 46 адам облыстық ауруханаға жатқызылған, ал аудандық инфекциялық стационарларда 15 науқас бар.
Бұдан бір күн бұрын 67 адам короновирус жұқтырған болатын. Айта кетелік, Атырау «жасыл» аймақта.