CaspianLife, 26 шілде — Шағымдар бойынша толтырылған хаттамалардан бөлек, 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 адам дағдарыс орталығына орналастырылған деп хабарлайды «Мақат тынысы» басылымы.
Аудан көлемінде тұрмыстық зомбылыққа ұшыраған әйелдер кездескенімен, олар көп жағдайда Атырау қаласында орналасқан дағдарыс орталығына барудан бас тартады. Өйткені, зорлық көрсеткен заңды жолдасы немесе азаматтық некедегі жолдасы болғандықтан, кешірім береді.
«Мәселен, биылғы жылдың ақпан айында Мақат кентінің Ж.Қ есімді тұрғыны дағдарыс орталығына орналастырылып, құқықтық кеңес берілген болатын. Алайда, көп ұзамай ол дағдарыс орталығынан кетіп қалды. Жолдасына қайта қосылды. Шыны керек, көп жағдайда зәбір көргендердің көбісі әлімжеттікті айтып арыз түсіруден басын аулақ салады. Неге? Себебі біріншіден, ұят жібермейді. Екіншіден, шаңырағын шайқалтқысы келмейтіндер тағы бар», — дейді Мақат аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серікбаева.