CaspianLife, 20 шілде — Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 баллдық зілзала тіркелді деп хабарлайды Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызметі.
Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілдеде тіркелген. Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған.
Эпицентрдің координаттары — 40°42’36 солтүстік ендікте, 51°38’24 шығыс бойлықта.