CaspianLife, 19 шілде – Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болып Серік Нысанбаев тағайындалды.
Серік Бағытжанұлы 1980 жылы туған. 2003 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 2003-2008 жылдар аралағында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында болған. 2008-2017 жылдары аралығында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін қала әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.