CaspianLife, Мақат ауданында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. Бүгін сағат 11:45 шамасында Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімшесіне «Lada Granta» жеңіл автокөлігі мен жүк пойызының соқтығысып қалғандығы жөнінде хабар түсті.
Соқтығысу салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі жарақат алып, 54 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. ТЖД қызметкерлері марқұмның денесін шығару жұмыстарын жүргізді.
Айта кетелік, пойызда құрылыс материалдары тиелген 66 вагон тіркемесі болған.