CaspianLife, 4 шілде — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде білім беру бағасының монополиялық жоғары болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарма мамандары Атырау облысындағы білім беру қызметтері нарығына талдау жасап, бакалавриат бағдарламаларының 70% осы университетте оқытылатынын анықтады. Сонымен қатар, бірқатар мамандықтар бойынша оқу орны басқа оқу орындарына қарағанда оқу ақысын әлдеқайда жоғары белгілеген. Әсіресе, «стандарттау, метрология және сертификаттау», «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «ақпараттық жүйелер» бағдарламалары бойынша білім алу өте қымбат болып шықты.
Өңірдегі басқа жоғары оқу орындары – Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен салыстырғанда оқу ақысы 35-60%-ға көтерілді.
«Табылған белгілер негізінде облыстық монополияға қарсы департамент Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты 2022 жылдың 10 маусымында монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру фактілері бойынша тексеруді бастады», — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.